Сайт бойынша іздеу

Алдағы 3 жылда ҰБТ толық өзгеріп, халықаралық стандарттарға сәйкес әзірленеді

Бөлісу:
OG6CWUuj6G.jpeg

Ғылым және жоғары білім министрлігі мен халықаралық ETS ұйымы білім беру саласында стратегиялық әріптестік орнатып өзара келісімге келді. ҰБТ ETS ұйымының жаһандық тәжірибесі мен заманауи әдістері негізінде қайта дайындалады, деп хабарлайды Педагог-KZ. 

Жаңартылған ҰБТ қазақстандық түлектердің халықаралық стандарттарға сай білімін анықтауға мүмкіндік береді. Тест сұрақтарының жаңа моделінде жасанды интеллект пен психометриялық әдістері пайдаланылады. 

«Алдағы үш жылда ETS ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа әдістемесін ұсынады және біздің тест құрастыратын, жинақтайтын ғалымдарымызды оқытады», — деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.