Сайт бойынша іздеу

Атырауда орыс мектептеріне педагог жетіспей жатыр - әкім

Бөлісу:
UNjXNqaKmm.jpg

Атырау облысының әкімі өңірдегі кейбір мектептердің үш ауысымға көшу себебін атады,- деп хабарлайды Педагог-KZ.

    «Кейбір мектептердің үш ауысымға көшуі оқыту тіліне байланысты. Көп жағдайда орыс тілінде оқытатын мектептер үш ауысымдық режимге өтеді. Себеп оқу ғимараттарының жетіспеушілігінде емес, орыс тілінде сабақ беретін мұғалімдердің тапшылығын да. Осы ретте Атырау облысына келіп жұмыс істеймін деген мұғалімдер болатын болса, мен оларды шақырамын», – деді облыс әкімі Серік Шәпкенов.

Ол сондай-ақ, бұл мәселені шешу үшін қажетті мамандарды тарту мақсатында әкімдік жыл сайын гранттар бөлетінін атап өтті.