QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азия аймағындағы озық оқу орындарының рейтингісін жариялады. Оған 25 елден 1529 білім мекемесі енген. Тізімде отандық 44 университет бар, деп хабарлайды Педагог-KZ 24.kz сілтеме жасап.
Атап айтсақ, Назарбаев, Алматы менеджмент, Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT секілді университеттер бар. Ал Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Satbayev University университеттері үздік жүздікке кіреді. Бас-аяғы елде 112 жоғары оқу орыны бар. Сондай-ақ 33 шетелдік университеттердің филиалдары жұмыс істейді.
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 38 орын
- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 61 орын
- Satbayev University – 79 орын
Әсет Дәрімбек, ҚР ҒЖБМ жоғары білімді интернациоландыру басқармасының бас сарапшысы:
- Жалпы Қазақстандағы тапшы мамандықтар бойынша ашылуда. Біздің негізгі беретін басымдығымыз осы. Оның ішінде мысалы жасыл сутегін өндіру, атом өнеркәсібі, су шаруашылығы, датасайнес, ЖИ секілді соңғы кездердегі тапшы мамандықтар ашылуда филиалдарда.