«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының ақтық сыны, яғни курстың кәсіби деңгейін оқуға 432 педагог өтті. Бұл туралы Педагогикалық шеберлік орталығына сілтеме жасап Педагог-KZ хабарлайды.
Биылғы жобаға о баста жалпы саны 2324 педагог тіркелген. Оның 2058-і тиісті талаптарға сай келсе, психометриялық тестілеуге 1160 адам қатысып, оқуға 800-і жіберілген. Курстың базалық деңгейі мен ілгері деңгейінен өткен 477 педагогтің 432-сі ақтық айналым, яғни кәсіби деңгейге жолдама алды.
«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының ақтық сынына жолдама алған педагогтардың ең көбі Түркістан облысының (62), Астана қаласы (42) және Қызылорда облысының педагогтары (40 адам). Ал ең азы Жетісу (9 адам) мен Ұлытау облыстары (2 адам).
Айта кету керек, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастыратын «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшы» жобасы аясында 2023 жылы 207 педагог, 2024 жылы 376 педагог резервке кірді.
«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшы» жобасының 2025 жылғы кезеңінің ақтық сынына жолдама алған педагогтардың өңірлік деңгейдегі көрсеткіштері төмендегі инфографикада: