Сайт бойынша іздеу

Екі күннен кейін Түркістанда «Өрлеу» филиалы ашылады

Бөлісу:
a8ZRqAHYCz.jpg

Еліміздегі ұстаздар ең көп шоғырланған өңір Түркістанда «Өрлеудің» жаңа филиалы ашылады,- деп жазды орталықтың ресми парақшасы. Бұл туралы Педагог-KZ хабарлайды.

 

Жаңа институт ұстаздарға психологиялық қолдау кабинетін, онлайн оқуға арналған ашық кеңістіктер, педагогикалық қауымдастықтарға арналған ортақ алаңдар ұсынбақ.

Сондай-ақ,  8 тамыз күні Түркістанда алғаш рет «Өрлеу» ұйымдастыратын республикалық желілік тамыз конференциясы басталады.

 

Жаңа филиал – өңір ұстаздары үшін кәсіби даму мен өзара ынтымақтастық орнататын, тәжірибе алмасатын кеңістікке айналмақ.