Сайт бойынша іздеу

Алғашқы әскери дайындық пәнінің сағаттары көбейтілмек

Бөлісу:
weFnTullNd.jpg
Фото: t.me/oqu_agartu

Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Мұрат Олжабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мектептердегі алғашқы әскери дайындық пәнінің сағаттарын арттыру жоспары туралы айтып берді, деп хабарлайды Педагог-KZ.

Мұрат Олжабаевтың айтуынша, қазіргі уақытта мектептерде алғашқы әскери дайындыққа пәніне уақыт аз бөлінеді.

«Бүгінде Қорғаныс министрлігі Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп алғашқы әскери дайындық бағдарламасын қарастырып жатыр. Бұл бағдарлама аясында пән сағаттарын көбейту, сондай-ақ әскери-патриоттық тәрбиені күшейтуге және алғашқы әскери дайындық бойынша қосымша сабақтар өткізуге бағытталған шаралар көзделген», — деді ол.