Шымкентте жалақының кешіктірілуіне байланысты жекеменшік мектептердің 100-ге жуық мұғалімі әкімдікке шағымданды. Педагогтердің айтуынша, олар қыркүйек айынан бері еңбекақы алмаған, - деп хабарлайды Педагог-KZ жергілікті Отырар телеарнасына сілтеме жасап.
Мектеп өз жұмысын орындап отыр, біз қызметімізді тоқтатқан жоқпыз, сабақтар өтуде. Жарықты өшірген жоқпыз, есіктерді жаппадық, мұғалімдер мен оқушыларды таратып жібермедік. Алайда бізге түсініксіз себептермен қаржыландыру уақытылы жүргізілмей отыр. Менің ойымша, әр ұйым өз міндетін орындауы тиіс. Ал егер орындамаса, жауапты адамдар жазалануы керек. Мүмкін, жауаптыларды ауыстыру қажет шығар, мүмкін айыппұл қолдану керек шығар. Қалай болғанда да, қандай да бір жауапкершілік болуы тиіс, ал мұнда керісінше болып отыр,- дейді MAXIMUM жеке мектебінің директоры Ербол Қарыбаев.
Осыған ұқсас жағдай Қайнарбұлақ ауылындағы мектепте де туындаған. Оқу ордасында 620 оқушы білім алып, 68 қызметкер еңбек етеді. Мектептің құрылтайшысы қыркүйек айындағы жалақыны өз қаражатынан төлегенін, алайда қазан айының айлығын төлеуге мүмкіндігі болмаған.
Бұрын қаржы Қаржы орталығы арқылы түсетін, ал биыл жергілікті бюджеттен бөлінуде. Бұл мәселе 18 қыркүйекте мәслихат сессиясында қаралған еді, бірақ ақша әлі түскен жоқ,-дейді жекеменшік мектеп құрылтайшысы Сәрсенбек Молдашев.
Шымкент қалалық әкімдігі жалақының кешігуін жан басына шаққандағы қаржыландыру жобасымен байланыстырып, мәселе Оқу-ағарту министрлігі деңгейінде шешілуі тиіс дегенді алға тартып отыр.
Сәрсен Құранбек, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:
Жалақының кешігу себебі Оқу-ағарту министрлігінің жеке мектептерді қаржыландыру жөніндегі пилоттық жобасын а байланысты болып отыр. Бұрын Қаржы орталығы мектептермен тікелей келісімшарт жасап, республикалық және жергілікті бюджеттен қаражат аударатын. Енді жекеменшік мектептер Қаржы орталығынан бөлек, жергілікті атқарушы орган дармен де (білім басқармасымен Педагог-KZ ) де келісімшарт жасайды. Ал басқарма өз кезегінде ведомость құрып, орындалған жұмыстарға құжаттарды рәсімдейді.
Сәрсен Құранбектің айтуынша, әкімдік тарапынан ешқандай мәселе жоқ, алайда жаңа қаржыландыру тетігін тәжірибеге енгізу белгілі бір уақытты қажет етеді.
Айта кету керек, Шымкент қаласында 137 жеке мектеп жұмыс істейді, олардың 121-і Қаржы орталығымен жан басына шаққандағы қаржыландыру бойынша келісім-шарт жасаған. Бұл мақсатқа ай сайын шамамен 1,5 миллиард теңге бөлінеді.