Сайт бойынша іздеу

Педагогтар министрге біліктілік санаты мен аттестаттау және еңбекақы мөлшеріне қатысты ұсыныс-сауалдарын жеткізді

Бөлісу:
mCzaeYG29h.jpg

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қоғамдық қабылдау өткізді, деп хабарлайды Педагог-KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Қабылдау барысында орта білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық бағыттарымен бірге, мұғалім мәртебесі, сондай-ақ жекелеген азаматтардың өтініштері қамтылған кең ауқымды мәселелер қаралды.

  Сонымен бірге, өңірлерден келген педагогтер біліктілік санаттары, аттестаттау талаптары және еңбекақы мөлшеріне қатысты сауалдары мен ұсыныстарын айтты.

  Барлық өтініштер бойынша азаматтарға қолданыстағы заңнама шеңберінде толыққанды түсініктемелер берілді. Қосымша зерделеу мен пысықтауды қажет ететін мәселелер министрдің жеке бақылауына алынды.

  Қабылдау барысында Жұлдыз Сүлейменова ведомствоның салалық комитеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына нақты тапсырмалар берді.