Сайт бойынша іздеу

«Мақсатты мектеп» жобасы жабылды – министр

Бөлісу:
CprHq1qDko.jpg
Фото: https://t.me/oqu_agartu

Білім беру саласының өзекті мәселелеріне арналған жиында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова «Мақсатты мектеп» жобасы жабылғанын айтты, – деп хабарлайды Педагог-KZ.

Өңірлік және аудандық білім басқармалары мен бөлімдердің, сондай-ақ аумақтық білім сапасын қамтамасыз ету департаменттері басшыларының қатысуымен өткен жиында педагог мәртебесін арттыру мәселесі де талқыға түсті.

«Өңірлердегі ұстаздардан министрлікке міндетінен тыс жұмыстар жүктеу туралы арыз-шағымдар жиі түседі. Сондықтан әріптестеріміздің заңда нақты көрсетілген құқықтарының сақталуын талап етемін. Педагогтың міндеті – өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру», – деді министр Жұлдыз Сүлейменова.

Айта кетейік, бұған дейін депутат болған тұста Жұлдыз Сүлейменова «Мақсатты мектептер» жобасын педагогтарға көп қиындық келтіретін, «не қаулысы, не бұйрығы жоқ бастама» деп сынап, оны жабуды ұсынған еді.