TikTok платформасы мен Ғылым және жоғары білім министрлігі бірлесіп #ҚазақстанМұғалімдері атты байқау жариялады,-деп хабарлайды Педагог-KZ.
Төртінші рет ұйымдастырылған жоба педагог мамандығын насихаттауға және мұғалімдер мен жоғары оқу орындары оқытушыларының цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған.
Байқау шарты бойынша 20 қазан мен 19 қараша аралығында еліміздің педагогтері #ҚазақстанМұғалімдері хэштегін қолдану арқылы өз пәні бойынша кемінде бір танымдық бейнеролик жариялауы керек.
Байқау шарттары бойынша:
• бейнеролигі 1 000 қаралымнан асқан қатысушылар өз профиліне арналған эксклюзивті рамка алады;
• ал 5 000 қаралымнан жоғары жинаған авторлар үш iPhone 17 смартфонының біріне үміткер бола алады.