Сайт бойынша іздеу

Астанада жас педагогтердің ІІ республикалық форумы өтуде

Бөлісу:
VbneGLTy4B.jpg
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Астанада жас педагогтердің «Педагогикалық пульс: Жас педагог дауысы» атты ІІ республикалық форумы өтеду. Екі күндік шара Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылған,- деп хабарлайды Педагог-KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Биылғы форум «AI–ПЕДАГОГ 2026: білім беруде жасанды интеллектті интеграциялау» тақырыбына арналған. Бұл бастама жас педагогтердің жаңа технологияларды меңгеруіне, оларды оқу процесіне тиімді енгізуіне және кәсіби дамуына бағытталады.

Іс-шараның басты мақсаты - техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, олардың мотивациясын күшейту және цифрлық трансформация жағдайында бәсекеге қабілеттілігін нығайту.

Форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, салалық ұйымдар мен жетекші IT-компаниялар, халықаралық сарапшылар, сондай-ақ еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас педагогтер мен студенттер қатысуда. Бұл алаң түрлі буын өкілдерін біріктіріп, білім беру жүйесінің болашағын бірге қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бағдарлама аясында қатысушыларды мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған сессиялар күтуде. Атап айтқанда, жасанды интеллектті білім беру процесінде қолданудың практикалық кейстері ұсынылып, халықаралық және отандық сарапшылардың қатысуымен мастер-класстар өткізіледі. Сонымен қатар soft skills, креативті ойлау және көшбасшылық қабілеттерді дамытуға арналған тренингтер ұйымдастырылады.