Сайт бойынша іздеу

Министр белсенді педагогтармен кездесті

Бөлісу:
L6DHSYQdIj.jpg

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Астанада белсенді ұстаздармен кездесіп, пікір алмасты, деп хабарлайды Педагог-KZ. 

3,5 сағатқа созылған кездесуде ұстаздар ойларын бүкпесіз айтты. Қозғалмаған тақырып некен-саяқ. Мектептегі директор шеше салатын дүниеден президент қана шеше алатын дүниеге дейінгі біраз нәрсе айтылды.  Министр өзіндік қозқарасын жеткізіп, алдағы жоспарлары туралы ой қозғады. Беталыс жақсы, мықты команда болса біраз тірлік атқарылады деп сенемін, -деп жазды QAZBILIM GROUP компаниясының басқарма төрағасы, белгілі ұстаз Аятжан Ахметжанұлы желідегі парақшасында. 
Ұстаздар министрдің бастамасын қолдап, пікір қалдырды: 
«Дұрыс, ашықтық болғаны жақсы. Ісі оң, бастамалары құтты болсын жаңа министрдің», «Біріншіден білім саласындағы жемқорлықты жою керек», «Өте дұрыс бастама екен, басшы қол астындағы мекемелердің қызметкерлерінің жағдайын біліп, ой-пікірлерімен санасса өте дұрыс болады»,- деді олар.