Сайт бойынша іздеу

Министр мектеп директорларына қатаң талап қойды

Бөлісу:
i2mnw3NTlB.jpg
Фото: https://t.me/oqu_agartu

Қазақстанда күн сайын 76 ата-ана баласын тиісті деңгейде тәрбиелемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады, жыл басынан бері 21 мыңнан астам ата-ана жазаланған. Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Жамбыл облысында соңғы айларда орын алған балалар арасындағы құқықбұзушылықтарға қатысты көшпелі өңірлік кеңес өтті, – деп хабарлайды Педагог-KZ.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне арналған жиында министр ата-аналар мен мектеп директорларының жауапкершілігі туралы айтты.

«Өңірде қайғылы жағдайларға алып келген оқиғаларды зерделеу барысында кейбір мектептерде жауапты қызметкерлердің бала тарапынан болған белгілерге жете көңіл бөлмегені анықталды. Сондықтан тәуекел тобындағы балаларды сүйемелдеу нәтижелері үшін мектеп директорлары дербес жауапкершілікте болуы керек», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Айта кетейік, көшпелі кеңестің Тараз қаласында өтуі бекер емес, өңірде соңғы айларда бірнеше оқушының өлімі тіркелген. Кеңеске облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, Бас прокуратураның өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, аудан әкімдері, білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.