Еліміздегі ұстаздар ең көп шоғырланған өңір Түркістанда «Өрлеудің» жаңа филиалы ашылады,- деп жазды орталықтың ресми парақшасы. Бұл туралы Педагог-KZ хабарлайды.
Жаңа институт ұстаздарға психологиялық қолдау кабинетін, онлайн оқуға арналған ашық кеңістіктер, педагогикалық қауымдастықтарға арналған ортақ алаңдар ұсынбақ.
Сондай-ақ, 8 тамыз күні Түркістанда алғаш рет «Өрлеу» ұйымдастыратын республикалық желілік тамыз конференциясы басталады.
Жаңа филиал – өңір ұстаздары үшін кәсіби даму мен өзара ынтымақтастық орнататын, тәжірибе алмасатын кеңістікке айналмақ.