Сайт бойынша іздеу

NIS үздік педагогі 2026: Гран-при Қызылорда қаласындағы NIS-тің мұғаліміне бұйырды

Бөлісу:
bBRbbt6zDm.jpg
Фото: NIS Қызылорда

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «NIS үздік педагогі 2026» республикалық байқауының желілік кезеңі қорытындыланды,- деп хабарлайды Педагог-KZ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқауға Зияткерлік мектептердің мектепішілік кезеңінен іріктелген 21 мұғалім  қатысқан.

 Байқау барысында қатысушылар ашық сабақтар өткізіп, авторлық педагогикалық тәжірибелерін таныстырды, сондай-ақ білім беруді дамытудың өзекті бағыттары бойынша жұмыс нәтижелерін ұсынды.

 Қазылар алқасы педагогтердің тек пәндік шеберлігіне ғана емес, мектепте құндылықтарға негізделген орта қалыптастыру қабілетіне де ерекше назар аударды.

Қорытынды кезең тәрбиелік жобаларды командалық қорғау форматында өтті. Қатысушылар «Туған елге тағзым», «Қоғамға қызмет», «NIS бірге оқиық» және «Шаңырақ» бағыттары бойынша жобаларын ұсынды.

Қатысушылардың жұмыстарын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ құрамындағы 19 сарапшыдан құралған комиссия бағалады.

Байқау комиссиясының шешімімен «NIS үздік педагогі 2026» республикалық байқауының желілік кезеңі қорытындыланып, жеңімпаздар анықталды:

 Гран-при иегері – Арай Нұрбаева,

Қызылорда қаласындағы NIS-тің география пәнінің мұғалімі

 І орын – Нұрсәуле Нұрмағамбетова,

Шымкент қаласындағы NIS-тің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

ІІ орын – Нұрғазы Тұрсынғазин,

Семей қаласындағы NIS-тің математика пәнінің мұғалімі

ІІІ орын – Райымбек Тұрсынбаев,

Ақтөбе қаласындағы NIS-тің биология пәнінің мұғалімі