Сайт бойынша іздеу

Солтүстік Қазақстандағы мектептерді зейнеттегі мұғалімдер ұстап тұр

Бөлісу:
QP7NC3Agrh.jpeg
фото: unsplash.com

Солтүстік Қазақстан облысында мұғалім тапшылығы зейнеткер педагогтардың көмегімен жабылуда. Аймақта 206 педагог жетіспейді, салада 800 ге жуық зейнеткер жұмыс істейді, - деп хабарлайды Педагог-KZ.

Qazaqstan Media сайтының ақпаратына сай, аймақта әсіресе математика, физика, ағылшын тілі мұғалімдері, сондай-ақ психологтар мен әлеуметтік педагогтарға сұраныс жоғары.

Жас мамандар жетіспегендіктен, мектептер зейнеткерлер мен қосымша жұмыс істейтін педагогтарды тартуға мәжбүр.

Қазір облыстың білім беру ұйымдарында 785 зейнеткер жұмыс істейді, олардың 113-і – Петропавл қаласында.

Мектептерде зейнет жасындағы 24 директор қызмет атқарады. Мысалы, Преснов орта мектебінің директоры Сергей Каторженко облыстағы ең ұзақ еңбек өтілі бар директор, оның саладағы еңбек өтілі 35 жылды құрайды.

Айта кету керек, бұған дейін Педагог-KZ облыста әр оныншы мектеп директорсыз жұмыс істеп жатқанын және аймақтың білім саласында 985 вакансия барын жазған болатын.

Облыстағы мұғалімдердің орташа жалақысы Петропавл қаласында шамамен 223 мың теңгені құрайды. Ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш сәл жоғары – шамамен 264 мың теңге.

Білім басқармасының мәліметінше, қаладағы мектеп мұғалімдерінің орташа жалақысы – 273 мың теңге, ал ауыл педагогтарының айлық ақысы – 301 мың теңге.

Жалпы, өңірдің білім беру жүйесінде 16 мыңнан астам педагог жұмыс істейді, олардың 11 мыңнан астамы жалпы білім беретін мектептерде еңбек етеді.