Сайт бойынша іздеу

Шымкент білім сапасы бойынша көш соңында

Бөлісу:
z10tZAju7Q.jpg

Шымкент қаласы білім сапасы бойынша өңірлер рейтингінде соңғы орынға түсті. Бұл туралы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Астанада өткен Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, жағдайды жақсарту мақсатында педагогтарды жұмысқа қабылдау тәртібі күшейтілген. Енді мұғалімдерді іріктеу арнайы комиссия арқылы жүзеге асады.

«Талдау жүргіздік, соның нәтижесінде біз соңғы орынға түстік, ол – рас. Қазір ең бірінші кезекте мұғалімдерді жұмысқа алу кезінде комиссияның шешімі енгізілді. Біреу сенеді, біреу сенбейді, бірақ жұмыс жүріп жатыр», – деді Ғабит Сыздықбеков.

Сонымен қатар әкім мектептерге бейнебақылау камераларын орнату бойынша пилоттық жоба қолға алынғанын айтты

«Камералар оқушылардың сабаққа қатысуын, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын, буллингтің алдын алуды ғана емес, мұғалімдердің оқу материалын қалай түсіндіріп жатқанын бақылауға мүмкіндік береді», – деді ол.