Сайт бойынша іздеу

Жамбыл облысында әкіммен кездесуге педагогтарды жұмылдыру бойынша шу шықты

Бөлісу:
Anj9QSmUAo.jpg
Хат скрин halyqstan телеграм-арнасынан

Жамбыл облысында облыс әкімінің аудан тұрғындарымен кездесуіне педагогтарды жұмылдыруға қатысты шу шықты. Бұл туралы halyqstan телеграм-арнасына сілтеме жасап Педагог-KZ хабарлайды. 

Ақпаратқа сай, бүгін, яғни 29 желтоқсан күні түстен кейін Жаңатас қаласына облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің Сарысу ауданының тұрғындарымен кездесу жоспарланған. Алайда бұл туралы тұрғындардың көбі бейхабар болып шыққан. Есесіне жергілікті қоғам белсенділерінің қолына аудан әкімдігінің мекемелерге жолдаған хаты түскен. Онда облыс әкімімен кездесуге қатысатын мекемелер мен әрбір мекемеден қатысуы тиіс қызметкерлердің саны жазылған.

Хатта аудандағы өзге мекемелерді айтпағанда білім бөлімінен 100, денсаулық сақтау бөлімінен 100 адамнан қатыстыру жөнінде жазылған. 

«Жұмыс уақытының қайнаған шағында бұл не кездесу, сонда олар бұл уақытта жұмыс істемей ме?»,- делінген жергілікті қоғам белсенділерінің жанайқайында.